Самар ауданында қардан тазарту жұмыстары қарқын ала түсті

Самар ауданында қардан тазарту жұмыстары қарқын ала түсті

Самар ауданында қарлы бораннан кейін көшелерді тазалау жұмыстары қызу жүргізілуде. Коммуналдық қызметтердің арнайы техникасы орталық және ауылішілік көшелерде тоқтаусыз еңбек етіп, әлеуметтік нысандарға апаратын жолдардың ашық болуына айрықша мән беріп отыр.

Қар тазалау шаралары тәулік бойы жалғасуда. Жолшылар автожолдарды, тротуарларды және аялдама алаңдарын қардан тазартып, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы түрде жүріп-тұруына жағдай жасап келеді.