Самар ауданында ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтті

Самар ауданында ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтті

Самар ауданында ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі Серік Жеңісов ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласының өкілдерін құттықтап, олардың өңірдің тұрақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара аясында салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығы саласының бірқатар қызметкерлері «Самар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар механизаторларға, шаруа қожалықтарының басшыларына және жеке кәсіпкерлерге адал еңбегі мен саланың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хаттар табысталды.
Мереке жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.