Самар ауданында діни қауіпсіздік мәселелері бойынша кездесу өтті

Самар ауданында діни қауіпсіздік мәселелері бойынша кездесу өтті

Бүгін Самар ауданында ШҚО-ның аналитика және ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің маманы, теолог Ринат Назарбеков жұмыс сапарымен болды.
Ол ауданның мемлекеттік қызметкерлеріне «Деструктивті діни ағымдардың зиянды әсері», «Қазақстан Республикасындағы дін саласындағы заңнама мәселелері», сондай-ақ лудоманияға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында спикер күмәнді діни ағымдарды қалай анықтау керектігі, олардың қоғамға келтіретін қаупі туралы кеңінен түсіндіріп, қолданыстағы заңнама талаптары жөнінде толық әрі нақты ақпарат ұсынды. Іс-шараның негізгі мақсаты — қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, азаматтардың сақтығын арттыру және құқықтық сауаттылығын күшейту.
Аудан әкімі аппаратының басшысы, этика жөніндегі уәкіл Рауан Жампеисовтың айтуынша, мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті арттырып, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және деструктивті идеологияларға қарсы тұра алатын тұрақты иммунитет қалыптастыруға ықпал етеді.