Самар ауданының тұрғыны «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды

Самар ауданының тұрғыны «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды

Екінші Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында жерлесіміз, Самар ауданының «Ахмадиұлы» шаруа қожалығының басшысы Бауыржан Ахмадиевич Рапеков еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Еңбек даңқы» орденінің III дәрежесімен марапатталды. Марапатты оған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырды.

Бауыржан Ахмадиевич ауыл шаруашылығында 33 жыл еңбек етіп келеді, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын табысты дамытты. Ол шаруашылықтың материалдық-техникалық базасын және инфрақұрылымын нығайтуға зор үлес қосып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын белсенді қолдауда.

Кәсіби қызметінен бөлек, Бауыржан Ахмадиевич дәстүр бойынша спортшыларды қолдап, жас мамандарға өз тәжірибесімен бөлісіп, жаңа буын кәсіби мамандарды тәрбиелеуде.