Өскемен қаласында ауыл балалары мен жасөспірімдер арасында өткен «AUYL SPORT – 2025» өңірлік турнирі салауатты өмір салтын насихаттау мен ауыл спортының дамуына серпін берді.
Самар балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің волейбол командасы тамаша ойын көрсетіп, чемпион атанды.
Жаттықтырушысы — Поляков Геннадий Анатольевич.
Амангельды орта мектебінің оқушылары үстел теннисінен жоғары нәтиже көрсетті:
1 орын — Қабдрахманов Мансұр, чемпион;
2 орын — Бөлекбай Дина;
3 орын — Бейсен Салауат;
3 орын — Марат Мөлдір.
Жаттықтырушысы — Барбосынов Қайрат Түркестанович.
Қыздар баскетбол командасы 2 орын иеленді.
Қатысушылар — Абай атындағы орта мектептің оқушылары.
Жаттықтырушысы — Раздыкова Гаухар Жұмановна, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің оқушылары күрес бойынша жақсы нәтиже көрсетті:
2 орын — Бекенов Алан (2011 ж.);
3 орын — Есбол Нартай (2011 ж.).
Жаттықтырушысы — Мухамадиев Еркебулан Жалелханұлы.
Бұл жеңістер – еңбекқорлықтың, табандылықтың және ауыл спортының дамуының айқын дәлелі.