Өскеменде қыздар арасында облыстық волейбол турнирі өз мәресіне жетті

Өскеменде қыздар арасында облыстық волейбол турнирі өз мәресіне жетті

«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Самар ауданының ұйымдастыруымен өткен бұл тартымды жарысқа Шығыс Қазақстанның әр түкпірінен сегіз команда қатысты. Спортшылар ойынның шеберлігін, мінездің беріктігін және шынайы спорттық жігерін әдемі көрсетті.

Қиын әрі қызықты бәсекенің қорытындысы бойынша І орынды Өскемен командасы иеленсе, ІІ орынды Глубокое ауданының командасы, ал ІІІ орынды Самар ауданының командасы алды. Жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды.