Мемлекеттік қызметшінің әдебі жөніндегі ЖАДЫНАМА

Мемлекеттік қызметшінің әдебі жөніндегі  ЖАДЫНАМА

Әдеп – мемлекеттік қызметшінің кәсіби болмысының айнасы. Ол халықтың сенімін нығайтып, мемлекеттік органның абыройын көтереді.

Мемлекеттік қызметшінің басты әдеп қағидалары:

  • Адалдық пен әділдік – әрбір іс-әрекетте заңға және ар-ожданға сай болу.
  • Сыпайылық пен құрмет – әріптестерге, азаматтарға және серіктестерге ілтипатпен қарау.
  • Жауапкершілік – қызметтік міндеттерді уақтылы әрі сапалы орындау.
  • Қоғам алдындағы үлгі – сыртқы келбет пен мінез-құлықта мәдениетті болу.
  • Сенімге ие болу – азаматтармен қарым-қатынаста ашықтық пен түсіністік таныту.
  • Әдеп нормаларын сақтау – дауыс көтермеу, дөрекі сөз қолданбау, қақтығыстарға жол бермеу.
  • Ынтымақтастық – ұжымда қолдау көрсету, бір-біріне көмектесу, сыйластық таныту.
  • Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – заңсыз сыйақыдан, мүдделер қақтығысынан бас тарту.

 «Мәдениет пен әдеп – әрбір азаматтың, әр отбасының өзінен басталуы тиіс» (Қ. Тоқаев, 2025 жылғы Жолдау). Бұл қағида мемлекеттік қызметшілер үшін ерекше маңызды. Себебі әрбір мемлекеттік қызметші – елдің бейнесі, халық алдындағы сенім мен құрметтің иесі.

Есте сақтаңыз:

  • Әр мемлекеттік қызметші – мемлекеттің өкілі.
  • Әрбір сөзіңіз бен ісіңіз – ел абыройына әсер етеді.
  • Әдептілік – халыққа құрметтің, мемлекетке адалдықтың көрінісі.

 

Әдепті ұстанған қызметкер – абыройлы азамат, халық сеніміне

лайық тұлға.