Самара ауданында қаржылық және еңбек тәртібіне арналған оқыту семинары өтті. Шара аудан әкімі аппаратының басшысы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп жөніндегі уәкілетті өкілі Рауан Жампейсовтің жетекшілігімен аудандық қазынашылық, мемлекеттік кірістер басқармасы, экономика бөлімі өкілдерінің қатысуымен өтті.
Семинарға барлық ауылдық округтерден мемлекеттік қызметкерлер мен бухгалтерияға жауапты қызметкерлер қатысты.
Оқыту бағдарламасы аясында қатысушылар бюджетті атқару ережелерімен, салықтық есептілік пен декларацияларды беру ерекшеліктерімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл қағидаттарымен танысты. Құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар кадрлардың кәсіби дайындығын арттыруға және қызметтік міндеттерін тиімді орындауға ықпал етеді.