Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен аудан әкімдігінің отырысын өткізді. Күн тәртібінде негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралды: бірінші жартыжылдықтағы бюджеттің атқарылуы, тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқыны, ауыл шаруашылығы саласының фитосанитарлық қауіпсіздігі және пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару. Отырыс қорытындысы бойынша Серік Жеңісұлы аппарат, бөлім, ауылдық округ басшыларына нақты тапсырмалар берді. Аудан әкімі негізгі міндеттерді шешумен қатар, Шығыс Қазақстан облысының XXIII халықтық спартакиадасына қатысу үшін спортшыларды киіммен қамтамасыз етіп, әр аймақ бойынша көшелерді жарықтандыруға толықтай ревизия жүргізу керектігін атап өтті. Сонымен қатар тұрғын үйлерді пайдалануға беру, фитосанитариялық қауіпсіздік шараларын күшейту және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған басқа да міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету қажет.
- Жұмыс нақты, үйлесімді әрі нәтижелі болуы керек. Азаматтар бізден ресми жауап емес, нақты шешімдерді күтеді, - деді Серік Жеңісов.