Мемлекеттік қызметтегі әдеп нормалары талқыланды

Мемлекеттік қызметтегі әдеп нормалары талқыланды

Бүгін Самар ауданы әкімінің орынбасары Мурат Мухаметжанов және аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Рауан Жампеисов мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын сақтауы жөнінде кеңес өткізді.
Оған аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары қатысты. Мемлекеттік қызметтегі кәсіби мінез-құлық, тәртіп пен жауапкершілік мәселелері талқыланды. Азаматтарға құрметпен қарау, іскерлік стиль мен жоғары кәсібилік стандарттарын сақтау маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметкершілердің ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету тапсырылды. Оның ішінде сенбіліктер мен басқа да әлеуметтік маңызды бастамалар бар.