Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданының кәсіпкерлермен өзара іс-қимылын әлеуметтік бастамаларды іске асыруға бизнес өкілдерінің белсенді қатысуының оң үлгісі ретінде атап өтті.
«Туған жерін ұмытпай, жергілікті халықты тарту арқылы жобаларды жүзеге асырып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып жүрген кәсіпкерлер – өңірді дамытуға жауапкершілікпен қараудың жарқын үлгісі. Мұндай бастамалар қолдауға ие болып, өзгелерге үлгі болуы тиіс», – деп атап өтті аймақ басшысы.
Осылайша, BI Group компаниясының басшысы, кәсіпкер Айдын Рахимбаевтың бастамасымен Самар ауданына қарасты туған ауылы Кұлынжонда білім беру саласын дамытуға қаражат салынды. Мұнда жаңа форматтағы заманауи мектеп бой көтерді. Бүгінде мұнда білікті ұстаздар жұмыс істейді, ал білім беру процесіне шетелдік мамандар да тартылған.
Бұл білім ордасы жай ғана мектеп емес, балабақша, спорт секциялары, балалар мен жастарға арналған демалыс және қарым-қатынас алаңдары бар шынайы комьюнити-орталыққа айналды. Жыл соңына дейін спорт блогының құрылысы аяқталады деп күтілуде.
Компания жүзеге асырған бұл жоба — жайлы, технологиялық, ашық әрі дамушы ауыл мектебінің үлгісі. Мұндай нысандар ауылдағы өмір сапасын арттырып, тұрақты орта қалыптастыруға, жастардың туған жерінде қалуына ықпал етеді.
Сондай-ақ BI Group компаниясы бұл бастаманы кеңейтуге дайын екенін білдіріп, оқушыларға арналған жатақхана салу және Бастаушы ауылындағы мектепті қайта жаңғырту жоспарын ұсынды. Аймақ басшысы аталған мектепті заманауи талаптарға сай, барынша жайлы ету мүмкіндігін жан-жақты қарастыруды тапсырды.