Палатцы ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалды

Палатцы ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалды

Палатцы ауылында сайлау өтіп, Талғат Нұрланұлы Касаинов жаңа әкім болып тағайындалды. Жаңа әкімді тұрғындарға Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов таныстырды. Жиында аудан басшысы алдағы міндеттерге тоқталып, бұған дейінгі әкім Раушан Мұратқызына атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ шараға мәслихат төрағасы Гүлнар Шаймарданова, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Айнұр Отаршина және Қоғамдық кеңес төрағасы Нұртас Нұрахимұлы қатысты.
Талғат Касаинов тұрғындармен ашық диалогқа дайын және ауылды бірге дамытуға ниетті екенін атап өтті. Ол өзінің алғашқы жоспарларымен бөлісіп, ауыл тұрғындары жұмысына қолдау мен сенім білдірді.
Жиын соңында барлығы жаңа әкімге табыс тіледі.