Самар ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен келді.

Самар ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен келді.

Самар ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ольга Булавкина мен Шәкәрім Буктугутов жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында парламентшілер кәсіпкерлермен кездесіп, өңірдегі туризмді дамыту мәселелерін талқылады, сондай-ақ орман қорының қарамағындағы Қайыңды ауылының аумағына елді мекен мәртебесін беру мәселесін қарады. Самар ауданының әкімі Серік Жеңісовтің айтуынша, Қайыңды ауылына мәртебе беру мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады және ол кезең-кезеңімен шешілуде.
Делегаттар Самар ауылындағы бастауыш мектеп құрылысының барысымен де танысты.
Сапар қорытындысы бойынша депутаттар қажетті ұсыныстарын беріп, көтерілген мәселелердің бақылауда болатынын баса айтты.