Өскемен қаласында кезекші ХҚКО мекенжайы өзгереді

Өскемен қаласында кезекші ХҚКО мекенжайы өзгереді

Өскемен қаласында кезекші ХҚКО мекенжайы өзгереді

  1 шілдеден бастап кезекші кесте бойынша Өскемен қаласының №1 ХҚКО жұмыс істейтін болады. Оның мекенжайы – Сәтпаев даңғылы, 34/2, бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО филиалы хабарлайды.

Ал, Өскемен қаласындағы №2 ХҚКО, Қазақстан көшесі 99/1 мекенжайында орналасқан, қалыпты жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Еске сала кетейік, кезекші ХҚКО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін үзіліссіз, ал сенбі күні сағат 8:00-ден 12:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Айта кетейік,Самар тас жолы 23-те орналасқан  кезекші мамандандырылған ХҚКО мекенжайы өзгеріссіз қалады. Ол жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін үзіліссіз қызмет көрсетеді. Дайын құжаттарды беру сағат 19:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сенбі күні азаматтарды қабылдау – 8:00-ден 11:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру – 12:00-ге дейін.