Самар ауданында “Балауса – 2” әскери-патриоттық лагері ашылды!
Самар ауданында “Балауса – 2” әскери-патриоттық лагерінің алғашқы маусымы салтанатты түрде ашылды. Бұл — оқушылар үшін жазғы демалысты пайдалы әрі тәрбиелік бағытта өткізуге үлкен мүмкіндік.
Ашылу салтанатына қатысқан қонақтар:
Самар ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Мұхаметжанов
Аудандық білім бөлімінің басшысы Руслана Закирьянова
Балалар өнер мектебінің директоры Даурен Карменов
Балалар өз өнерлерін паш етіп, ән мен биден мерекелік бағдарлама ұсынды. Ашылу кеші көтеріңкі көңіл күйде өтті.
Биылғы маусымда 100 мектеп оқушысы лагерьде демалып, әскери-патриоттық тәрбие алатын болады. Бұл – елжандылықты дәріптеуге бағытталған маңызды бастама.