2025 жылғы 18 маусымда Самар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Комиссия отырысында ауданның полиция бөлімінің «Интернет-алаяқтық саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы нүктелік күрес жөніндегі жұмыс туралы», ауданның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртібі бөлігінде белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі жұмыс туралы», «2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытатын құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту үшін субъектілер өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімділігі туралы» мәселелері қарастырылды. Отырыс қорытындалары бойынша тиісті тапсырмалар берілді.