
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, туризмді дамыту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру мақсатында Самар ауылынан Миролюбовка ауылына дейінгі тасжолда орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Аудан тұрғындарының игілігі үшін маңызды саналатын бұл жобаның аясында көп жылдар бойы тоқтап тұрған «Одесса» паромы қайта іске қосылды. Сонымен қатар, жол сапасын жақсарту — басты назарда.
Жоспар бойынша екі жыл ішінде жалпы ұзындығы 21 шақырым болатын жол жөнделуі тиіс.