Аудан әкімдігінің кезекті отырысы

Аудан әкімдігінің кезекті отырысы

Бүгін Самар ауданы әкімдігінің кезекті отырысы өтті. Онда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Абылғазыұлы, Самар ауданындағы туристік саланың 2024 жылғы дамуы мен 2025 жылға арналған міндеттері туралы баяндады. Білім бөлімінің басшысы Руслана Закирьянова оқу жылының аяқталуы мен оқушылардың қорытынды аттестаттауға дайындығы туралы мәлім етті. Ал ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Маржан Кельгерун этносаралық қатынастар бағытындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылу барысы туралы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы аудан басшысының халықпен есеп беру кездесулеріндегі хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады. Отырыс соңында аудан әкімі жауапты бөлім өкілдеріне тиісті тапсырмалар берді.