БЖЗҚ" АҚ-дағы ашық есік күні: зейнетақы жүйесіндегі құқықтар және алаяқтықтан қорғану жолдары туралы айтамы

БЖЗҚ" АҚ-дағы ашық есік күні:  зейнетақы жүйесіндегі құқықтар және алаяқтықтан қорғану жолдары туралы айтамы

"БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) 2025 жылғы 11 маусымда "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында өткізілетін "Ашық есік күні" онлайн-кездесуіне шақырады. Қатысуға ниетті барлық азаматтар мен БАҚ өкілдерін қуана күтеміз.

Онлайн-кездесуде халықтың зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтан қорғану тәсілдері туралы хабардар болу мәселелері көтеріледі.

Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Ақпаратты тек ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың маңыздылығын, қызмет көрсету бойынша заңды түрде жасалатын ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді.

Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етеді.

Қонақтардың кездесу тақырыбы аясында ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты басқа да сұрақтарға жауап алуға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін және event-кеңестің паролін енгізу қажет.        

Event-совещание/

Event- жиналыс:

Мероприятие «День открытых дверей» АО «ЕНПФ»/

«Ашық есік күнінің»

Адрес совещания для регистрации/

Тіркелу үшін оқиға мекенжайы:

https://enpf.webex.com/weblink/register/ra9bb09c6f3da3c651a3e5d68214edd5b

https://enpf.webex.com/weblink/register/ra0aecab8c4530c38b156d08714d49334

https://enpf.webex.com/weblink/register/rf4e296ba6191c012b2472316b5ca51a9

Дата и время/

Күні мен уақыты:

10:00 - 12:00 среда,

11 июня 2025 г. (UTC+05:00) Астана

12:00 – 14:00 сәрсенбі, 11 маусым 2025ж (UTC+05:00) Астана

15:00 – 17:00 среда,

11 июня 2025 г. (UTC+05:00) Астана

Номер event-совещания/

Event- жиналыс нөмірі:

2513 867 0009

2516 594 1763

2511 733 0317

Пароль event-совещания/

Event- жиналыс паролі:

131323

323433

433254