Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов кәсіби мерекеге орай мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін марапаттады. Онда мемлекеттік және салалық наградалар табысталды.
Самар аудандық мәдениет және демалыс орталығының әртісі, «Самар сазы» ансамблінің жетекшісі Қайрат Тұңғышпаев Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.