
ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАЙ КЕЗДЕ ЖҮГІНЕ АЛАСЫЗ?
✅ Егер сізден шұғыл медициналық көмек алу үшін немесе учаскелік дәрігерге көріну үшін сақтандыру мәртебесінің болуын талап етсе
✅ Егер учаскелік дәрігер болмаса, оған жазыла алмасаңыз немесе сізді қабылдаудан бас тартса
✅ Егер сіз аумақтық принцип бойынша емханаға тіркелген болсаңыз да, учаскелік дәрігер/медбике немесе фельдшер медициналық көрсеткіштеріңіз бола тұра үйге шақыртуыңызға бармаса
✅ Егер сіз бейінді маманға алдағы бір айға жазыла алмасаңыз
✅ Егер медициналық көрсеткіштеріңіз бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілмесе
✅ Егер сізді ақылы тексерулерге жіберсе немесе 10 жұмыс күнінен артық күту ұсынылса
✅ Егер жүргізілген тексерістің нәтижелерімен сізді таныстырмаса
✅ Егер диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәндансаңыз
✅ Егер көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса
✅ Егер дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса немесе өзін талапқа сай ұстамаса
✅ Егер өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда қате деректерді немесе жазбаларды анықтасаңыз
✅ Егер медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толмаса