
Сарыбел ауылдық округінде халықпен кездесу. Жиналыс барысында біз Новостройка және Сарыбел ауылдарының тұрғындарымен туризмді дамыту жоспары-жобасын талқыладық. Аталған ауылдық округ биыл 50 000-ға жуық туристті қабылдады. Бұл өз кезегінде ауданның экономикалық әлеуетінің өсуіне және халықты жұмыспен қамтуға айтарлықтай серпін береді.