«Сарыбел орта мектебі» КММ-де аттестат тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Бұл мектеп өміріндегі ерекше күн. Түлектеріміз 11 жыл бойы еткен еңбектің нәтижесі – аттестаттарын алып, жаңа өмірге қадам басты. Жиынымыздың ең жоғары марапаты- «Алтын белгі». Мектебіміздің мақтанышы-Қахарманов Мәди «Алтын белгі» төсбелгісін алып, үздік білім мен үлкен еңбектің нәтижесін көрсетті. Біліммен қаруланған түлектерімізді Самар ауданы білім бөлімінің бас маманы Карибаев Б.М. құттықтады. Бұл – қоштасу сәті ғана емес, үлкен арман мен үміттің бастамасы.
Ұстаздарымыздың еңбегі мен ата-аналардың қолдауы – осы жетістіктердің негізі. «Сарыбел орта мектебі» КММ-нің ұстаздар ұжымына алғыс білдіреміз. Қымбатты түлектер, өмір жолдарыңыз ашық, армандарыңыз асқақ болсын!Сәт сапар, жас түлек!