Самар ауылдық округінің әкімі М.Дюсупов округ мамандарымен бірге Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай еңбек ардагерлерін құттықтады. Айтулы мерекеге байланысты ардагерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мерейтойлық медальдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Бұл ардақты жандар — батырлық тарихтың тірі куәгерлері. Біз олардың елге сіңірген еңбегі мен бейбіт өмірге қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Ардагерлерге құрмет көрсету арқылы біз тарихи жадымызды сақтап, өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, ерлік пен елге деген адалдықты дәріптейміз.