
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Самар ауылдық округінде кең көлемді сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында көшелер мен аулалар тазартылып, қоқыстар жиналды, ағаштар әктеліп, аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тұрғындар қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың міндеті екенін көрсетті.
Бұл игі шара ауылдың тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.