Наурыз мейрамына арналған құттықтау!

Наурыз мейрамына арналған құттықтау!

Құрметті тұрғындар!

Сіздерді Самар ауылдық округі атынан көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл ұлық мереке – табиғаттың жаңаруының, жаңа өмірдің басталуының, татулық пен бірліктің белгісі. Әр шаңыраққа құт-береке, бақ-дәулет, амандық пен қуаныш тілейміз.

Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз! Наурыз мейрамы әрқайсыңызға жаңа жетістіктер мен жарқын үміт сыйласын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!