
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Самарское ауылында абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта ауыл көшелері мен қоғамдық орындарды қардан тазалау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Самарское ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері қар тазалау жұмыстарын ұйымшылдықпен және сапалы түрде атқарып, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайын қамтамасыз етуде. Жұмыстар жоспарға сәйкес жалғасуда.