Құрметті Самар ауылдық округінің тұрғындары!
Сіздерді ұлық мереке — Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – халқымыздың тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылысының, ел болашағы жолындағы батыл қадамының айғағы. Республика күні – егемен еліміздің берік іргетасы қаланған, мемлекеттігіміздің жаңа белесі басталған тарихи күн.
Бүгінгі Қазақстан – бірлігі бекем, көпұлтты және бейбіт ел. Халқымыздың ынтымағы мен еңбегі мемлекетіміздің өркендеуіне негіз болуда.
Осы мерейлі күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Самар ауылдық округі әкімі аппараты