1. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы№ 272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 11050 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қажет болған жағдайда басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандартқа 1-қосымшада берілген нысанға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтінішінің және Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарының болуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыдан (не сенімхат бойынша оның өкілі) құжаттарды қабылдауы және тіркеуі. Құжаттардың сәйкестігін Стандарттың 9-тармағында көзделген тізімге сәйкес тексеруі. Өтінішті қабылдау күні мен уақытын көрсетіп, тіркелгені туралы белгі соғылған өтініштің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға беруі және қарауға көрсетілетін қызмет берушінің басшысына беруі. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минут;
2 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысуы және құжаттарды сәулет және қала құрылысы саласындағы органға жіберуі. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3 - іс-қимыл – сәулет және қала құрылысы саласындағы органның басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және оларды орындауға маманға береді. Орындалу ұзақтығы - 2 (екі) сағат ішінде;
4 - іс-қимыл – маман жер учаскесінің мәлімделген нысаналы мақсатқа пайдаланылуы мүмкіндігін анықтайды және бір уақытта барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге келісуге жібереді. Орындалу ұзақтығы - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
5 - іс-қимыл – келісуші органдар жер учаскесінің мәлімделген нысаналы мақсатқа пайдаланылуы мүмкіндігі туралы, ал қажет болған жағдайда, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттар туралы тиісті қорытындыны ұсынады. Орындалу ұзақтығы - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
6 - іс-қимыл – маман жер комиссиясына (бұдан әрі – комиссия) қарауға жер қатынастары саласындағы органға ұсыну үшін жер учаскесінің мәлімделген нысаналы мақсатқа пайдаланылуы мүмкіндігі туралы ұсынысты дайындайды.Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
7 - іс-қимыл – комиссия қарайды және қорытындыны береді. Комиссияның қорытындысы хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады, ол көрсетілетін қызметті беруші шешімінің жобасын дайындау үшін маманға беріледі. Орындалу ұзақтығы - 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;
8 - іс-қимыл – жер қатынастары саласындағы органның басшысы маманды анықтайды, ол жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім жобасын немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды. Орындалу ұзақтығы - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
9 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қояды (жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қаулы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап). Орындалу ұзақтығы - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
10 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркейді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап - 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.
6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1 - іс-қимыл бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін беру болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2 - іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2 - іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының құжаттарды қарауы және бұрыштамасы бар құжаттарды сәулет және қала құрылысы саласындағы органға беруі болып табылады, ол 3 - іс-қимылды бастауға негіз болып табылады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3 - іс-қимылдың нәтижесі сәулет және қала құрылысы саласындағы орган басшысының құжаттарды қарауы және оларды маманға орындауға беруі болып табылады, ол 4 - іс-қимылды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4 - іс-қимылдың нәтижесі құжаттарды мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге келісуге жіберу болып табылады, ол 5 - іс-қимылды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5 - іс-қимылдың нәтижесі келісуші органдардың ұсынылған қорытындылары болып табылады, ол 6 - іс-қимылды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6 - іс-қимылдың нәтижесі комиссияға қарауға жер қатынастары органына ұсыну үшін жер учаскесінің мәлімделген нысаналы мақсатқа пайдаланылуы мүмкіндігі туралы дайындалған ұсыныс болып табылады, ол 7 - іс-қимылды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 7 - іс-қимылдың нәтижесі комиссия қорытындысын маманға беру болып табылады, ол 8 - іс-қимылды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 8 - іс-қимылдың нәтижесі жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау болып табылады, ол 9 - іс-қимылды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 9 - іс-қимылдың нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қою болып табылады, ол 10 - іс-қимылды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 10 - іс-қимылдың нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркеу және оны көрсетілетін қызметті алушыға беру болып табылады.