Миролюбовка ауылдық округінде су тасқынына қарсы шаралар

Миролюбовка ауылдық округінде су тасқынына қарсы шаралар

Миролюбовка ауылдық округінде су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Бүгінгі күнге дейін автомобиль жолы астындағы сегіз ірі су өткізу құрылысы тазартылды. Сондай-ақ арық жүйесін тазалау жұмыстары жалғасуда, бұл еріген судың еркін өтуін қамтамасыз етіп, су басу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп, тұрақты бақылауда ұсталады.