
Мариногор ауылдық округіне қарасты Мариногорка ауылында ауыл орталығынан өтетін өзен арнасы кеңейтілді. Көктемгі еріген кезде таудан аққан су әдетте өзен арнасына жетпей, ауыл тұрғындарына тасқын қаупін туғызды. Биыл коммуналдық қызметтің техникалары өзен арнасын толығымен тазартып, кеңейтті.