2025 жылдың 14 мамыры күні Құлынжон ауылдық округінде аудан әкімі Жеңісов Серік Жеңісұлының ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында ауылдағы өзекті, шешімін таппаған бірқатар мәселелер қозғалып, тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Талқылау барысында тұрғындар инфрақұрылым, ауыз су, электр жарығы, қаңғыбас иттер және әлеуметтік қолдау мәселелерін көтерді.
Аудан әкімі әрбір сұрақ бойынша нақты жауап беріп, кейбір мәселелерді шешуге байланысты тиісті мекемелерге тапсырма беретінін атап өтті. Кездесу жылы және ашық диалог түрінде өтті.