
12 сәуір 2025 жылы ұстаз ДАУЛЕТҚАН ҚАСЫМЖАНҰЛЫН еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында аудандық турнир өтті.
Турнир ұйымдастырушылары "Самар балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" және Құлынжон ауылының Ыбырай атындағы "Мектеп бөбекжай-балабақша кешені".
Даулетқан Қасымжанұлы құрметті ел азаматы, қадірлі ақсақал, ұлағатты ұстаз, белсенді қоғам қайраткері болған.
Туып өскен жері Күршім ауданы. Көкжал Барақ батырдың ұрпағы.
50 жыл білім саласында жұмыс жасады. Физика пәнінен жоғары санатты мұғалімі болды.
33 жыл Казнаковка орта мектебінің директоры болды.
Бірнеше ұрпақ оқушылар мен мұғалімдер тәрбиеледі. Қазіргі күні оқушылары Қазақстанның әр түрлі саласында жұмыс атқарды. Мұғалім шәкірттері биік деңгейге көтерілді.
Ауылға, халыққа адал қызмет етіп, еңбек сіңірген.
Турнирға ауыл, аудан тұрғындары, турнирдің құрметті қонақтары, Даулетқан Қасымжанұлының замандастары, достары, туыстары, әріптестері келді.
Турнирға Самар, Көкпекті, Күршім аудандарынан 100-ден аса балалар қатысты. 10 салмақтық категорияларда өтті.
Сонын ішінде Құлынжон ауылынан 14 бала қатысты, 50 % жүлделі орын алды.
Жүлделі орын алған балалар:
Азаматұлы Рамазан 2 орын;
Сымбатұлы Рамиль 1 орын;
Кәдірбай Алихан 2 орын; Рустамов Расул 3 орын; Шайргазин Алдияр 2 орын;
Кәдірбай Айдос 3 орын;
Бақыт Әбілмансур 1 орын.
Балалардын жеңістері көп болсын!
Құлынжон ауылында Самар спорт мектебімен, Құлынжон ауылының мектебінің қолдауымен күрес үйірмесінің ашылғанына 2 жыл болды, бапкер Садыков Фархат Айтпайұлы.
Биыл еркін күрестен аудандық турнир ауылымызда екінші рет ұйымдастырылды.
Турнир өте жоғары денгейде өтті деп бағаланды!
Салтанатты ашылуында Дәулетқан Қасымжанұлын еске алып, істеген істері, жасаған жұмыстары, жоғары адамгершілігі, мықты басшылығы, биік мамандығы,т.б көп жақсы сөздер айтылды.
Мектеп оқушылары қонақтарға өнер көрсетіп, би билеп, домбырамен тамсандырды. Бүкіл залдың орындаумен Қазақстанның екінші ән ұраны Атамекен әні патриоттық сезіммен айтылды
Жүлделі орын алған балаларға мадақтама, медаль берілді және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Мектеп турнирға қатысқан балаларды ыстық тамақпен тамақтандырды.
Ұйымдастырушыларға Самар спорт мектебіне онын жеке басшысы Серіков Жандос Серікұлына, Құлынжон ауылының Ыбырай мектебіні, жеке басшысы Аралбек Берікұлына, мектеп ұжымына турнирға, келген қонақтар, Дәулетқан Қасымжанұлынын достары, жанұясы, туған-туыстары алғыстарын айтып, алдағы уақытта жұмыстарына сәттілік тіледі.
Дәулетқан Қасымжанұлының ауылға, мектепке жасаған еңбегін ауылдастары, әріптестері, оқушылары, шәкірттері ешқашан ұмытпайды!