31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Құлынжон ауылдық кітапханасында жасөспірімдер мен жастардың қатысуымен «Тар қапастағы тағдырлар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Еркінқызы «Карлаг», «АЛЖИР» лагерьлері мен сол кезеңдегі тұтқындардың ауыр тағдыры туралы тарихи мәліметтермен таныстырып, тақырыпқа байланысты қысқаметражды бейнеролик көрсетті.
Кездесу барысында қатысушылар тоталитарлық жүйе кезеңіндегі саяси қуғын-сүргіннің зардаптары, шындықты айтуға тыйым салынған зұлмат жылдардың қасіреті жайында ой бөлісті. Сонымен қатар оқырмандар назарына «Зұлмат жылдар жаңғырығы» атты ақпараттық материалдар мен газеттер ұсынылып, репрессия құрбандары туралы мәліметтер берілді.
1931–1933 жылдардағы ашаршылық халқымыздың басына түскен ең ауыр нәубеттердің бірі екені атап өтілді.