
Қазақ балалар ақын-жазушысы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай жас оқырмандардың қатысуымен «Сыр сандықтың құпиясы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жазушы өз шығармаларында кейіпкерлері арқылы салт-дәстүрді құрметтеу, тұрмыстағы қиыншылықтарды еңсеру, адамгершілік қарым-қатынас сынды тақырыптарды әсерлі мазмұнда жеткізеді.
Құрметті ауыл тұрғындары! Баршаңызды көркем әдебиет оқуға шақырамыз.