Осторожно мошенники!

Осторожно мошенники!

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті аймақ тұрғындары!

Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы биыл қазан айында толық аяқталды. Барлық далалық жұмыстар тәмамдалды, Статистика департаментінің қызметкерлері үйлерді араламайды.

Егер сізге көк жилет киген бейтаныс адамдар келсе – сақ болыңыздар!
Жеке деректеріңізді бермеңіздер және оларды үйге кіргізбеңіздер!

Күмәнді жағдай байқалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз!