16 желтоқсан Тәуелсіздік күні!

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні!

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ауыл тұрғындарының қатысуымен «Тұғырың биік болсын – Тәуелсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараның құрметті қонағы ретінде Тәуелсіздік туын көтерген желтоқсан оқиғасының қатысушысы – Асқарова Ләззәт ханым шақырылды.

Желтоқсаншы апай ақ қар, көк мұздың үстінде қазақ жастарының аяусыз соққыға жығылған сәттерін жүрек тебірентерлік сезіммен баяндап берді.

Кездесу соңында Ләззәт ханым барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елімізде бейбіт өмір мен тұрақтылықтың мәңгілік болуын тіледі.