
2025 жылдың 26 қарашасы күні Құлынжон ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» акциясы аясында құқық қорғау органдарының қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында тұрғындар өздерінің жеке мәселелері мен округ аумағындағы шешімін таппаған түйткілді жайттар бойынша сұрақтарын қойып, тиісті мамандардан құқықтық кеңес алды. Іс-шара тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және ашық диалог орнатуға бағытталды.