Құлынжон ауылдық округінде «Көңілдері кең дария қарттарым» атты іс-шара өтті.
Іс-шара Қарттар күніне орай ұйымдастырылып, ауылдың ардагер қарияларына құрмет көрсетілді. Шара барысында жылы лебіздер айтылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Жастар қарттарға арналған өлеңдер оқып, әндер шырқалды. Қарттарға сый-сияпаттар тарту етіліп, көңілдері көтеріліп, ризашылықтарын білдірді.
Іс-шара ұрпақтар сабақтастығын дәріптеп, қарттарға деген құрметтің жоғары деңгейде екенін көрсетті.