Домбыра – халқымыздың рухани тірегі, ұлттық болмыстың айнасы. Ұлттық Домбыра күні – ата-баба мұрасына тағзым етіп, төл өнерімізді ұлықтайтын ерекше мереке. Бұл күні қара домбыраның қоңыр үні әр қазақтың жүрегіне жол табады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың домбыраға деген ықыласына ризашылығын білдіріп, ұлттық өнерге көрсетілетін қолдаудың арта беретінін жеткізді. Домбыра – мәңгілік елдің үнін жеткізер асыл мұра!
Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде домбыра үйірмелері көбейіп, мектептер мен колледждерде күй өнері дәріптеліп келеді. Бұл — ұлттың мәдени кодын сақтауға бағытталған маңызды қадам. Жас буынның домбырамен етене жақын болуы – ел болашағы үшін зор жетістік.