«Самар – Құлынжон – Васильев өткелі» автомобиль жолын жөндеу.

«Самар – Құлынжон – Васильев өткелі» автомобиль жолын жөндеу.

Самар ауданында «Самар – Құлынжон – Васильев өткелі» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жол учаскесі ауданның туристік инфрақұрылымын дамыту және танымал демалыс аймақтарына көлік қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие.
Жоба аясында 18 шақырым жол жөнделеді. Жөндеу жұмыстарының бас мердігері – «ПДУ-4» ЖШС.
Еске сала кетейік, алты жылдан астам уақыт жұмыс істемеген Васильев паром өткелі қайта іске қосылды. Жол жөндеу жұмыстары көлік желісінің өзара байланысын арттырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.