eGov Mobile-да тағы бір маңызды құжат қолжетімді болды

eGov Mobile-да тағы бір маңызды құжат қолжетімді болды

Енді Қазақстан азаматтары eGov Mobile мобильді қосымшасы мен eGov.kz порталында кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі азаматтарға қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу қызметін онлайн түрде ала алады. Бұл жаңалық өтініш беру процесін айтарлықтай жеңілдетіп, қағазбастылықты жойып, жалған ақпарат беру қаупін азайтады. Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін тегін көрсетіледі. [1]

---

eGov Mobile арқылы қызметті қалай алуға болады:

eGov Mobile қосымшасына кіріп, «Қызметтер» → «Жеңілдіктер, жәрдемақылар, зейнетақылар» бөлімін таңдаңыз.
«Кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі азаматтарға қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» қызметін таңдаңыз.
Қажетті өрістерді толтырып, өтінішті Face ID немесе Touch ID арқылы растаңыз.

---

eGov.kz порталы арқылы қызметті қалай алуға болады:

eGov.kz порталына кіріп, «Азаматтарға» → «Отбасы» → «Қамқоршылық, қорғаншылық, қолдау» бөлімін таңдаңыз.
«Кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі азаматтарға қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.
Қамқоршылыққа алынатын адамның ЖСН-ін, өтініш берушінің байланыс деректерін енгізіп, өтінішті ЭЦҚ арқылы растаңыз.