Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов жұмыс сапарымен Бастаушы ауылына барып, жергілікті тұрғындармен есептік кездесу өткізді.

Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов жұмыс сапарымен Бастаушы ауылына барып, жергілікті тұрғындармен есептік кездесу өткізді.

Аудан әкімі Бастаушы ауылының тұрғындарымен кездесті.
Ашық форматта өткен кездесуде ауыл тұрғындары өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Кездесу барысында тұрғындар:
• Ауыл ішіндегі апатты ескі тоғайларды анықтап кесу;
• Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішті қоршауға қаражат бөлу қажеттігін;
• Ауылдағы футбол алаңын қоршау мәселесін көтерді.
Аудан әкімі көтерілген әрбір мәселе бойынша жауап беріп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныстары жергілікті бюджет пен алдағы жоспарларға сәйкес қарастырылатынын жеткізді.