
Бастаушы ауылдық кітапханасында 11 сәуір күні 1 - сыныбымен Ғарышкерлер күніне арналған тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты: балалардың ғарышкерлік тарихына деген танымдық қызығушылығын қалыптастыру, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бұл күні басты кейіпкер Юрий Алексеевич Гагарин болды, ол әлем тарихындағы ғарыш кеңістігіне ұшқан алғашқы адам. Балалар ғылымның дамуына баға жетпес үлес қосқан біздің қазақстандық ғарышкерлердің ғарышқа ұшуы туралы білді. Балалар ғарышкерлердің өмірінен қызықты деректерді білді, ғарыштық викторина сұрақтарына жауап берді.