
Бастаушы ауылдық кітапханасыда 31- мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай “Қазақстанның қуғын сүргін жылдарындағы өмірі” тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Бұл дөңгелек үстелге Абай атындағы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Н. Жанұзақ және оқушылары қатысты. Шараның мақсаты – оқушыларға саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылдарының зардаптарын түсіндіру, тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін таныстыру, жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Дөңгелек үстел барысында оқушылар тарихи деректермен танысып, саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы мәліметтер айтты. Алаш қайраткерлерінің ел тарихындағы орны, олардың халық үшін атқарған еңбектері туралы пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып аясында белсенділік танытты. Оқушыларға өткен тарихты ұмытпау, тәуелсіздіктің маңызын түсіну және ұлттық құндылықтарды құрметтеу қажеттігі айтылды.