Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына орай «Ұлттың музыка мақтанышы» атты дөңгелек үстел.

Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына орай «Ұлттың музыка мақтанышы» атты дөңгелек үстел.

29 сәуір күні Бастаушы ауылдық округінің клуб үйінде қазақтың көрнекті композиторы, дирижер, ғалым Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына орай «Ұлттың музыка мақтанышы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараны Бастаушы ауылдық кітапханашы Ж.Т. Маулханова мен клуб меңгеруші Смагулова Э.Н. бірлесе ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Бастаушы ауылдық округінің бас маманы Құмарова Ж.А. мен Әйелдер кеңесінің төрайымы Конгулова К.А. құттықтау сөз сөйлеп, Ахмет Жұбановтың қазақ мәдениеті мен өнеріндегі ерекше орнына тоқталды.
Дөңгелек үстелге Самар ауданының әжелер алқасының төрайымы Туракбаева К.С. және мүшелері, аудандық кітапхана директоры М.М. Муканов пен методист Владимировна Т.С. арнайы қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Олар ұлт руханиятын дамытудағы тұлғаның еңбегін атап өтіп, жастарға үлгі боларлық тағылымды әңгімелер айтты.
Шара барысында Самар аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Елужан А. мен Дюсенғазина Т. әсем әндер шырқап, кештің сәнін келтірді. Көрермендер рухани әсер алып, өнерге деген ықыластарын білдірді.
Бұл тағылымды кездесу ұлы тұлғаның мұрасын насихаттап, ұлттық өнерге деген құрметті арттыруға бағытталған маңызды мәдени шара болды.