23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында еліміз бойынша «Мен оқыған 10 кітап» акциясы.

23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында еліміз бойынша «Мен оқыған 10  кітап» акциясы.

23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында еліміз бойынша «Мен оқыған 10 кітап» акциясы жарияланды. Мақсаты – қоғамда жаппай кітап оқу үрдісін арттыру үшін әр азаматтың кітап оқуына ықпал ету. Өскелең ұрпаққа өнеге көрсету мақсатында бұл акцияға Бастаушы ауылдық кітапханасы қолдап тұрақты оқырманы туралы айта кетуді жөн көрдім, Бастаушы ауылдың тумасы, Ержанова Күлбағи апамыз 84 жаста болса да, кітапты сүйіп оқиды және көпеген кітаптарды оқыған. Осы жылдың басынан оқыған кітаптары туралы айта кетсек Қабдеш Жұмаділовтың он екі томдық кітабын оқыды және «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» атты екі томдық кітабын оқып өскелен ұрпаққа тәрбиелік мәні бар екенің және туған елін, жерін қастерлеу мақсатында мазмұның айтты, оқырмандардың тарихи танымын кеңейтіп, ел тарихына деген құрметін арттыруға бағытталады.