«Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара.

«Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара.

Бастаушы ауылында «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде аталып өтті. Ұлыстың ұлы күніне арналған бұл думанды мереке ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық дәстүрімізді ұлықтауға үлкен мүмкіндік болды.
Мереке барысында ауылдың ақ жаулықты әжелері қазақтың ежелден келе жатқан аластау рәсімін жасап, шашу шашып, ізгі тілектерін білдірді. Ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, көпшілікке ақжарма тілектерін арнады.
Іс-шарада Бастаушы ауылдық округ әкімі Кенесбеков Арман Болатбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, мерекеде ән айтылып, күй күмбірлеп, мың бұралған бишілер өнер көрсетті.
Ұлттық спорт түрлері де назардан тыс қалмай, арқан тарту, қол күрес, гир көтеру, аударыспақ, тай жарысы сияқты сайыстар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.
Осындай игі шараның жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткен шаруа қожалығының басшысы Нургазин Тимур Тоқтарбекұлына ауыл тұрғындары атынан алғысымыз шексіз!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршаға құт-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін!