
16 наурыз күні Наурызнама аясындағы үшінші күн – Мәдениет және ұлттық салт – дәстүр күні. Бұл күн халқымыздағы ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасы, әдет – ғұрпын мен ұлттық құндылықтарын дәріптеуге арналған. Бастаушы ауылдық клуб үйінде ұлттық дәстүрлерді насихаттайтын қазақтың киелі домбырасын, қобызын және сандығын қолдан жасап қолөнер көрмелерін ұйымдастырылды. Мәдениет және ұлттық салт – дәстүр күні – ұлттың рухани тамырын тереңірек танып,ұмыт бола бастаған дәстүрлерді қайта жаңғырту маңызды. Бұл бастама әсіресе жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталған. Ел мәдениеті өркендеп, дәстүріміз әрдайым дәріптеле берсін! Әр шаңыраққа амандық, береке мен бірлік тілейміз. Еліміздің мәдениеті дамып, ұлттық құндылықтарымыз мәңгі жасай берсін.