«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр - тарихи романы - ұлттық қасірет пен қайсарлықтың шежіресі» атты дөңгелек үстел өтті.

«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр - тарихи романы - ұлттық қасірет пен қайсарлықтың шежіресі» атты дөңгелек үстел өтті.

Бастаушы ауылдық кітапханасында 24 ақпан күні «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр - тарихи романы - ұлттық қасірет пен қайсарлықтың шежіресі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс - шара барысында қатысушылар романның негізгі тақырыбы, кейіпкерлер тағдыры, автордың тарихи шындықты бейнелеудегі шеберлігі туралы Бастаушы ауылымыздың әжесі, ауылдық кітапхананың оқырманы Күлбағи Ержанова апамыз және Абай атындағы орта мектебінің қазақ-тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі Қ. Рысбекова мен 5 сынып оқушылары пікір алмасты. Дөңгелек үстел оқырмандардың тарихи танымын кеңейтіп, ел тарихына деген құрметін арттыруға бағытталды.